Текст
Ізгі істер біріктіреді!
«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледждің студенттері педагогикалық еңбек ардагері – Синицкая Лидия Михайловнаға көмек көрсетті.
Студенттер ардагер ұстаздың үйіне барып, тұрмыстық істеріне жәрдемдесті, жылы әңгіме өрбітіп, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан баға жетпес еңбегі үшін алғыс білдірді.
Мұндай игі шаралар жастардың бойында үлкенге құрмет, ізгілік пен ұстаз еңбегіне деген ризашылық сезімін қалыптастырады.