Текст
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» 💬
(«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында өткен дебаттар)
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат сайысы өтті. Қатысушылар шешендік қабілеттерін, логикалық ойлау мен білім деңгейлерін көрсетіп, білім мен парасат – заманауи адамның ең басты күші екенін дәлелдеді.
Дебаттар студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, өз көзқарасын дәлелдеп қорғау және пікірталас мәдениетін дамытуға ықпал етті.