2025 жылғы 07 қазанда колледжде бекітілген жоспарға сәйкес колледж басшысы Н.К.Бектасованың төрағалығымен кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңесте колледж әдіскері К.К.Уразова 2025-2026 оқу жылындағы өткізілетін әдістемелік іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші О.В.Драбинская «Егіздер» әдістемесінің элементтері бар авторлық білім беру бағдарламасының құрылымы мен тәжірибе жүзінде іске асу ерекшеліктерімен бөлісті. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Г.К.Даулетова «Ағылшын тілін оқыту кезінде студенттердің оқу мотивациясын арттыруда заманауи технологиялардың ролі» тақырыбындағы тәжірибесін ортаға салды. Директор Н.К.Бектасова колледж қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтау қажеттілігіне тоқталды. Әдістемелік кеңес соңында тиісті шешімдер шығарылды.