Текст
    
                                
            
                08.10.2025
         «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы 
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің жатақханаларында тұратын студенттер «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында колледж аумағын тазалау бойынша экологиялық акцияға белсене қатысты. 🌱
 Акцияның мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, жастардың еңбексүйгіштік пен жауапкершілік сезімін арттыру.
 Студенттер ынтамен еңбек етіп, өз үлгілері арқылы тазалық пен табиғатты қорғау әр адамнан басталатынын көрсетті.
 Тазалық – бұл тек тәртіп қана емес, ол жастардың мәдениеті мен санасының көрінісі!