Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

01.10.2025

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
 Шараға өмірін білім беруге, жастарды тәрбиелеуге және қоғам игілігі үшін еңбек етуге арнаған құрметті еңбек ардагерлері шақырылды.
 Жылы атмосферада студенттер мен оқытушылар аға буынға даналығы, еңбекқорлығы және өмірлік тәжірибесі үшін алғыс білдірді. Қонақтарға арналған концерттік бағдарламалар, музыкалық құттықтаулар ұйымдастырылып, шын жүректен денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбасылық амандық тілектері айтылды.
 Мерекелік бағдарлама аясында колледж студенттері еңбек ардагерлерін құттықтау акциясын өткізді. Жастар ардагерлерге естелік сыйлықтар, ашық хаттар мен гүлдер табыстап, көңіл-күй сыйлап, сыйластық пен құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
 Бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығының, рухани құндылықтарды дәріптеудің және студенттердің қоғам дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге деген алғыс сезімін қалыптастырудың айқын дәлелі болды.

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст