Текст
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының мүшелері, ПО-43 тобы ашық құқықтық сағат өткізді. Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі».
Іс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында айтарлықтай жетістікке жеткен елдердің тәжірибесімен таныстыру және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін талқылау.
Клуб төрайымы Турищева Э.В. шетелде өз тиімділігін дәлелдеген негізгі тәсілдер туралы айтып, оларды отандық жағдайға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты нығайтады және азаматтық белсенділікті тәрбиелейді.