Текст
Бүгін колледжімізде «Кәсіптік білім – қолдағы шеберлік, жүректегі от, болашаққа ашылған қақпа» атты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай он күндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Шараның басты мақсаты – ұстаздар мен мамандардың еңбегін дәріптеу, кәсіби білімнің мәртебесін арттыру.
Айрықша қонағымыз – WSK 2024 республикалық чемпионатының кондитерлік іс бойынша жүлдегері Беленец Королина қатысып, шеберлігімен бөлісті.
Осындай кездесулер болашақ мамандарға жігер беріп, жаңа жетістіктерге жол ашады!
#біздіңТжКБ