Текст
Колледж жатақханасында «Отбасым – менің мерейім» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Студенттер әңгіме және тренингке қатысып, отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, салт-дәстүр жайлы ой бөлісті. Интерактивті тапсырмалар арқылы сенім, түсіністік және қолдауға үйренді.
Іс-шара студенттерге отбасының – алыс болса да, әрдайым тірек пен сүйіспеншілік көзі екенін ұғынуға көмектесті.
Қорытынды: жылы атмосфера, шынайы әңгімелер мен маңызды ой —
«Отбасы – әр адамның тірегі».