2 тамыз күні Жоғары техникалық колледжде Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара — «Білім күні. Бейбітшілік күні!» өтті.
Алғашқы курс студенттеріне арналған салтанатты жиында колледж әкімшілігі мен кураторлар таныстырылды. Бірінші курс студенттеріне колледж корпустары мен студенттік өмір туралы таныстыру бейнеролигі көрсетілді. Мерекелік атмосфераны музыкалық нөмірлер толықтырды.
Бұл күн бірінші курс студенттері үшін жаңа, білімге толы, жаңалықтарға, жеке дамуға бағытталған студенттік өмірдің алғашқы қадамына айналды!
Білім күні аясында колледжде келесі тақырыптарда кураторлық сағаттар өткізілді:
1-курс студенттері үшін – «Студенттердің құқықтары мен міндеттері».
Студенттер өзін-өзі басқару негіздерімен, құқықтары мен міндеттерімен, академиялық адалдық және оқу процесіне құрметпен қарау қажеттілігімен танысты.
2–4 курс студенттері үшін – «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!».
Бұл тақырыптық сағат адалдық, еңбек және жауапкершілік мәселелеріне арналды. Әр студенттің өмірлік ұстанымына айналуы тиіс — адал еңбек, әділ табыс және адамгершілік құндылықтар жайлы айтылды.
Жаңа оқу жылы жарқын, шабытқа толы және үлкен жеңістерге сеніммен басталды.
Барлық студенттерге сәттілік, жаңа білім, тың жаңалықтар мен армандардың орындалуын тілейміз!