02.07.2025
30 маусым күні Көкшетау қаласындағы «Bolashaq Saraiy»-нда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік түлектеріне қызыл дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Бұл іс-шара колледждің жоғары академиялық жетістіктерімен ерекшеленген 7 жас мамандар үшін маңызды оқиғаға айналды.
1. Қуанышпекова Ақниет
2. Орынбаева Жанель
3. Сәлімова Аружан
4. Шаймерденова Гүлназ
5. Лага Вероника
6. Скипер Светлана
7. Спиренкова Анастасия. Олар үшін бұл күн – атқарған еңбектің жемісі мен болашақ кәсіби жолының жаңа кезеңінің бастауы.
Салтанатты рәсімге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып, өңір басшысы Марат Ахметжановтың құттықтауын жеткізіп, түлектерге табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.
Іс-шараға сонымен қатар «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек және колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысып, үздік түлектерге қызыл дипломдармен қатар, жұмысқа орналасуға арналған жолдамалар да табыстады.
Сондай-ақ, Ақмола облысынан «Қазақстанның ТОП-100 үздік студенті» тізіміне енген колледж студенті БЕЛЕНЕЦ КАРОЛИНА 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды. Бұл оқиға колледжіміздегі білім беру сапасының жоғары деңгейін және жұмысшы мамандықтарының ел экономикасының дамуына қосар үлесінің зор екенін дәлелдейді.
Біз озат түлектерімізбен мақтанамыз және олардың жетістіктерін жоғары бағалап, құрмет көрсеткен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!