Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілуде!

09.06.2025

25 мамырдан бастап 5 маусым аралығында колледжде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.
📌 30 мамыр – «Жаһандық деңгейде ойлаймыз, жергілікті жерде әрекет етеміз!» атты эко-сағат өткізілді. Экологиялық іс-шараға табиғатқа бейжай қарамайтын белсенді студенттер қатысып, әлемнің тазалығы мен ізгілігі үшін біріккен ортақ мақсатты ұстанды.
📌 31 мамыр – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында колледж студенттері жалпыреспубликалық сенбілікке атсалысып, қаладағы қоғамдық орындар мен жасыл аумақтарды тазартуға белсене қатысты. Жастар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, өз еңбектерімен туған өлкеге үлестерін қосты.
📌 2 маусым – «Бурабай» ұлттық табиғи саябағына экскурсия ұйымдастырылды. Колледж жастары Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі — «Бурабай» ұлттық саябағына танымдық сапар шекті. Олар көздің жауын алатын табиғат көріністерін тамашалап қана қоймай, өңірдің бірегей экожүйесін сақтау жолдары туралы да мол мәлімет алды.                                       
♻️ Табиғаттың болашағы – біздің қолымызда! #ЭкоБолашақ #ТабиғатымБайлығым #ТазаҚазақстан

Просмотров: 745


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст