2025 жылғы 4 маусым күні Щучинск қаласының, Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке - ел Тәуелсіздігін, ұлттық бірлікті және отансүйгіштік рухты дәріптейтін ерекше күн.
Іс-шара студенттер мен оқытушылар ерекше құрмет пен мақтаныш сезімімен орындаған ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Жүргізушілер Мемлекеттік рәміздердің – Елтаңба, Ту және Әнұранның– ел тарихы мен мәдениетін, рухы мен болмысын айшықтайтын киелі белгілер екенін атап өтті. Олар тек ғимараттарды сәндейтін нышандар ғана емес, әрқайсымыздың жүрегімізде орын алған асыл құндылықтар. Студенттер дайындаған мазмұнды баяндамалар мен презентациялар арқылы рәміздердің шығу тарихы мен әрбір элементінің мәні кеңінен түсіндірілді. Ту мен Елтаңбадағы түстер мен бейнелердің символикасы, сондай-ақ Әнұранның елді біріктіретін қуаты, оның рухани маңызы ерекше аталып өтті. Осындай іс-шаралар жастардың бойында рәміздерге деген құрметті тереңдетіп, елге адалдық пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.