Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің құрама командасы "Кезең" спартакиадасы аясында өткен облыстық жеңіл атлетика жарысында табысты өнер көрсетті.

26.05.2025

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің құрама командасы "Кезең" спартакиадасы аясында өткен облыстық жеңіл атлетика жарысында табысты өнер көрсетті.
2025 жылғы 13-16 мамыр аралығында Есіл қаласында "Кезең"спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан облыстық жарыстар өтті. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің құрама командасы өзінің оқу орнының абыройын асқақтатып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: ПО-22 тобының студенті Олег Ложечник – 100 метрге жүгіруден 1 орын, ал ұзындыққа секіруен 3 орын иеленді; ЭМ-11 тобының студенті Роман Попов – 200 метрге жүгіруден 2 орын иеленді; ПО-22 тобының студенті Кирилл Зотов – 800 метрге және 3 шақырымға жүгіруден 2 орын иеленді; У-12 тобының студенті Зарина Сейтвалиева –  ұзындыққа секіруден 2 орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша колледждің құрама командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болып, студенттердің дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін және және жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейін айқын көрсетті.

Просмотров: 1243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст