2025 жылғы 20 мамыр күні Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің ЭМ-21 тобының студенттері арнайы пәндер оқытушысы Құрмет Қайырбекұлы Ескедірдің жетекшілігімен педагогикалық еңбек ардагері, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет еткен - Ирина Владимировна Фоменкоға картоп отырғызуға арналған еріктілік акция өткізді. Іс-шара жастардың аға буынға деген құрметінің жарқын үлгісі. Ирина Владимировна ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде еңбек етіп, студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ісіне өз жанын арнаған жан. Ирина Владимировна студенттер мен оқытушыларға көрсеткен көмектері үшін алғысын білдіріп, мұндай игі істер адамның жүрегіне жылулық ұялататынын және болашаққа деген сенімді күшейтетінін атап өтті. Жақсылық жасау үшін көп нәрсе қажет емес. Тек жүректен шыққан шынайы ниет пен алғашқы қадам жеткілікті.