Текст
Бүгін Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде студенттердің Бурабай ауданы мен Ақмола облысының теологтарымен мазмұнды кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты- жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған.
🗣Кездесу барысында теологтар қазіргі заман қоғамындағы діннің орны туралы кеңінен баяндап, әр адамның сенімі мен көзқарасына құрметпен қараудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатыр, деструктивті діни ағымдар мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жолдары да талқыланды.
💬 Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.