Текст
    
                                
            
                29.04.2025
        Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының жұмысы аясында төрайымы  Е.В. Турищева  У-12 тобының студенттерімен «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында құқықтық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың бойында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру.   
Өткізілген іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың түрлері, онымен күресу жолдары, жауапкершілік шаралары жан-жақты талқыланды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, нақты жағдайларды талдап, параның не екенін және оның сыйлықтан айырмашылығын талқылады.