2025 жылдың 21 сәуірінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 1-4 курс студенттері үшін кураторлық сағаттар өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты- болашақ маман иелерінің кәсіби бірегейлігін қалыптастыру мен таңдаған мамандықтарының маңыздылығын терең түсінуге бағытталған.
1-2 курс студенттері үшін " Мен өз мамандығым туралы не білемін?", ал 3-4 курс студенттері үшін "кәсіби этика және тұлғалық-кәсіби өсу деген не"тақырыбында кураторлық сағат өтті. Аталған іс-шаралар кәсіби өмірдің маңызды тұстарын талқылауға арналған алаңға айналды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, этикалық қағидалардың болашақ мансаптарына қалай әсер ететіндігі туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, тұлғалық-кәсіби даму жайлы пікірталас өтіп, онда студенттер өз мақсаттары мен болашаққа деген жоспарларын ортаға салды. Осындай іс-шаралар студенттерге өзін-өзі дамыту мен үнемі жаңғырудың маңызын ұғынуға, алдағы өмір жолын сеніммен бағдарлауға серпін береді.