Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде кураторлар әдістемелік бірлестігінің ІV-ші отырысы өтті. Іс-шара мазмұнды, ашық пікір алмасу түрінде ұйымдастырылып, онда студенттік топтарда өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Әсіресе, жастардың жасына сай психологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, тәрбиелік бағыттағы жұмыстың тиімді жолдары талқыланды.
Ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыс орнату – білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде айрықша назарға алынды. Отырыстың негізгі тұжырымдарының бірі – кураторлар жұмысының студент бойында дербестік пен азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі зор екендігі. Сондай-ақ, ата-ана, ұстаз және студент арасындағы өзара сенім мен түсіністікке негізделген байланыс оқу орнының ішкі мәдениетін байытып, тиімді әрі үйлесімді білім беру кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізетіні атап өтілді.